Қайрат Боранбаев жаңа қызметке тағайындалды

0

Париж Олимпиадасы аяқталғаннан кейін дәстүрге сай паралимпиадашылар жүлдені сарапқа салатыны белгілі. Дүбірлі дода қарсаңында Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланған кәсіпкер Қайрат Боранбаев жоспарларымен бөлісті.

«Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Мені қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру жолындамыз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Жоспарымыз көп», — деді Қайрат Боранбаев өзінің әлеуметтік парақшасында.

Оның айтуынша, бүгінде Франция астанасы Парижде жалауын желбірететін Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынбақ. «Менің мақсатым-паралимпиадалық спорттың тиімді жүйесін құру және Қазақстанның өңірдегі спорттық көшбасшылығын нығайту. Осы жолда мені қолдайтындардың барлығына ризамын!», — деді ол.