Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері «Халықтың табысының өсуі үшін» петициясын қолдады

0

Қазақстандық жұмысшылар өз еңбек құқықтарын дәлелдеуге тура келетініне наразы «Казрост» ЖШС қызметкерлері «Халық табысының өсуі үшін!» петициясын қолдады. Бұл туралы aqtobe_sergek парақшасы жазды.

«Біз көшеде қалғымыз келмейді, біздің мақсатымыз ― зауытымызбен бірге өсу және оның қалыптасуының бастауында болу. Біз Қазақстан гүлденген ел бола алатындығына сенеміз, бірақ бұл үшін өндірісті дамыту қажет. Сондықтан біз бұл өндірістердің жабылуына қарсымыз. Барлық елдерде халық жұмыс орындарын құру мен дамытуды жақтайды. Неге Қазақстанда жұмысшылар жұмысқа құқығы бар екенін дәлелдеуге тиіс?»,- деді жұмысшылар.

Сондай-ақ «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ қызметкерлері қазақстандықтарға бейнеөтініш жолдады.

«Біз кәсіпорнымызды және бүкіл қазақстандық автоөнеркәсіпті құрдымға ұшыратуға қарсымыз. Біз далада қалғымыз келмейді», — деп атап өтті жұмысшылар.

Бұған дейін отандық бизнесті қорғауға бес ірі кәсіпорынның еңбек ұжымдары пікір білдірді, олар «СемАЗ» зауыты, «Имсталькон» АҚ, BI Group (MODEX зауыты) қызметкерлері, «Қазақмыс» (KLMZ) компанияларының жұмыс топтары, «QazTehna»ЖШС.