«Біздің бөлмеде болған оқиға»: Жахан Отарғалиев алғаш рет ажырасу себебін айтты

0

Отандық әзілкеш, танымал актер Жахан Отарғалиев жеке өміріндегі сәтсіздікті журналист Зарина Мүсілімге айтып берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әнші Балжан Бидашпен шаңырақ көтеріп, төрт жылдан кейін ажырасқан еді. Ұзақ уақытқа созылған екеуара келіспеушіліктің соңы екіге кетумен аяқталған.

“Отбасым жайлы ештеңе айтқым келмейді. Біздің бөлмеде болған оқиғаның ешқайда шыққанын қаламаймын. Себебі біз қазір бір-біріміз үшін бөтен адамдармыз. Біз шынымен ажырасып кеткенбіз. Мен оның артынан әңгіме айтқаным жігіттікке келіспейді. Оған тәрбием де, мінезім де жібермейді. Ажырасу деген өте жаман нәрсе. Біз еш ұрыссыз ажырастық. Отырып талқыладық. Ұзақ сөйлесіп, әркім өз ұстанымын айтты. Соңында тоқтатайық деген шешімге келдік. Ол кетіп бара жатқанда «екі жақта бақытты болатын сияқтымыз» деді. Сол сөздің мағынасын енді түсініп жатырмын. Ешкім мінсіз емес. Екеуміздің де қателіктеріміз болды. Біз бір-бірімізді ұрыс-керіссіз жібердік», – деді актер.

Сондай-ақ әзілкешті оқырман қауым “әйелге қол көтеріп, қалауына шектеу қояды екен” деп кінәлаған еді. Алайда актер ол ақпаратты жоққа шығарды.

“Өмірімде әйел адамға қол көтеріп көрмеппін. Отбасымда да ондай дүние болған жоқ. Мен отағасы ретінде өз міндетімді атқардым. Ол да әйел ретінде өз міндетін атқарды. Бірақ келісе алмадық», – деп жан сырын ақтарды киножұлдыз.

Еске салайық, актер Жахан Отарғалиев өзіне дәрігерлер ауыр диагноз қойғанын айтқан еді.