«Полиция шақырамын»: Бишімбаевтың экс-жұбайы балаларына келгіштеп жүрген қайын жұртын қорқытты
Бишімбаевтың экс-келіншегі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында 3 баласына бұрынғы қайын жұрты келгіштеп жүргенін жазды.
«Балалар 18 жасқа дейін сіздердің сөздеріңізді, пікірлеріңізді тыңдамайды. Егер қаласаңыздар, қазірден бастап арыз жазыңыздар, сосын біз қарым-қатынас құралын белгілейік. Егер қаламасаңыздар өздеріңіз біліңіздер. Балаларымды дүние-мүлік үшін жібергім келмейді. 18 жасқа дейін қалағандарыңды істетіп, оларға дүние бергендерің керек емес. Жоқ-жоқ. Мен қазір сіздермен сөйлескім келмейді. Қаласаңыздар адвокат жіберіңіздер. Талап-қызметтер жайлы сөйлесейік. Енді тағы осылай қайталайтын болсаңыздар полиция шақырамын», — деді ол.
Егер бұл әрекеттер тоқтамаса, полицияға арыз жазатынын да мәлімдеді.