“Айка тізімінен” табылғандар қалай жазаланады?

0

Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 2024 жылғы 22 мамырда мәжіліс кулуарларында «Айка тізімі” туралы істі түсіндіріп, эскортшылар мен олардың клиенттеріне жаза тағайындала ма әлде жоқ па түсіндірді.

ІІМ басшысының айтуынша, интимдік қызмет көрсететін қыздар да жазаланады.

«Интимдік қызмет көрсеткен адамдарды жауапкершілікке тарту бөлігінде олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өте шектеулі, сондықтан әрбір жағдайда тәсіл жеке болады», — деді Марат Қожаев.

Фото: Zakon.kz/Тамила Муратбек