Ақтөбе облысында толқын бөгетті шайып кеткен
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйылыс ауылында бөгетті су шайып кеткен. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір айдан астам уақыт бұрын Ырғыз өзенінде су көтеріліп, үйлер батып кетті. Әскери қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар ауылдың айналысына уақытша бөгет салды. Бірақ кеше түнде соққан қатты жел өзеннен толқын пайда болып, 10 метр жерді шайып кетті.
Барлық тұрғын шұғыл эвакуацияланды. Оқиға орнында жүзден астам әскерилер мен ауыл тұрғындары қалды. Қазір олар қорғаныс құрылымын күшейтіп жатыр.
“Толқындардың биіктігі жағалаудан бір метрге дейін, ал ені 5-6 метрге жуықтаған. 2 сағаттың ішінде жағаны құм салынған қаптармен нығайттық. Жұмыс жалғасып жатыр. Бүгін де жел бар, бірақ кешегідей күшті емес. Кейінгі 15 күнде су деңгейі я төмендемеді, я көтерілмеді. Бір деңгейде қалды”, – деп мәлімдеді Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салу үшін мердігерлер құрылысты бастап кеткені айтылды.