Семейде ер азамат сүйген қызын көлікпен басып өлтірді

0

33 жастағы Диана Сүлейменова жігітінің қолынан қайтыс болды, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаменті.

Интернетте жарияланған видеода жігіттің алдымен тоқтағанын, содан кейін жылдамдықты арттырып, марқұмды басып өткенін көруге болады. Артынша қыз комаға түсіп, көз жұмған.

«Оның өлімі бас сүйектегі ашық ми жарақатынан болды. Сонымен қатар, тоғыз гематома табылды, олардың бір бөлігі үш апта бұрын пайда болған. Бұл гематомалар тірі кезінде қатты заттардан туындаған”, — деді медицина мамандары.