«Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр

0

Жақындарының айтуынша, ол күйеуінің жүйелі зорлық-зомбылығына қарамастан, ешқашан балаларын тастап, үйден кетпеген. 26 сәуірде үш баланың анасы Айнагүл жоғалып кеткен.  Кіші ұлы небәрі 4 жаста,  — деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Немолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, Айнагүлдің әріптестері оның жоғалуынан күмәнданып отыр.

«Себебі оның күйеуі бір апта бойы полицияға арызданбаған. Полиция қызметкерлері оның үйіне келгенде ғана арыз жазуға мәжбүр болған. Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткені белгілі. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен шығар»,- дейді Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ  #Немолчикз Орал қаласының  тұрғындарынан Айнагүл жайлы бірдеңе белгілі болса, полицияға немесе +77051510000 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.