«Балалардан ұят»: Жақында ғана әке атанған Өмірқұл Айниязов немерелі болды
Бірнеше ай бұрын ғана үшінші рет әке атанған әнші Өмірқұл Айниязов немерелі болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалығын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Осыдан 4 ай бұрын балалардан ұят болды-ау деп ұлды болып едім. Ал бүгін немерелі болдым ағайын, құттықтап қойыңыздар”, – делінген жазбада.
Жазбаға желі қолданушылары «Ата мәртебеңіз құтты болсын!», «Ондай бақыт әркімге бұйыра бермейді, сондықтан бұл ұят емес», «Құттықтаймын! Анам да мені 45-те дүниеге әкелді», «Не ішіп жүрсің, айтшы?» деген пікірлер қалдырған.
Еске салсақ, бұған дейін Өмірқұл Айниязовтың жүкті келінімен түскен фотосы сынға қалғаны туралы жазған едік.