«Өшір ананы»: мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады (ВИДЕО)
Бір топ адамның мазар басында шариғатқа қайшы әрекет істеп отырған видеосы тарады, деп жазады Kznews.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Видео İnstagram-парақшасындағы түрлі топтарда тарап жатыр. Кадрда бір топ ер адамның зират басында отырғанын, солардың ішінде бірінің саусағын топыраққа тығып, Құран сүресін оқығанын аңғаруға болады.
Видео авторы кадр сыртында «Осындай боп отыр ағайындар. Мындай зат жоқ қой. Не істеп отсыңдар? Біздің муфтиятта (ред.шариғатта) жоқ заттар ғой бұлар» дей бергені сол еді, сүре оқып жатқан кісі асығыс бетін сипап, «өшіріңіз ананы» дей жөнеледі. Ал автор болса, «мен сендерге қой дедім ғой. Қой деген соң қою керек қой адам деген» дейді.
Айта кетейік, оқиғаның нақты қайда болғаны белгісіз. Бірақ автордың «зат» деген диалектісінен оның Батыс Қазақстаннан екенін аңғаруға болады.