Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.
Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы;
1998-2006 жылдары Ұлттық банк Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
2006-2014 жылдары Ұлттық банктің үйлестіру департаментінің директоры;
2014-2015 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры;
2015 жылғы шілде мен қараша аралығында Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Президент көмекшісі;
2019 жылдың наурызынан бастап Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
2020 жылы еліміздің Қаржы министрі болып тағайындалып, 2024 жылғы ақпан айына дейін қызмет атқарды.