Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты
Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ толығымен өртеніп кетті. Апат болған тікұшақта бірнеше шенеунік отырған, — деп хабарлайды Kznews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, тікұшақта отырған адамдардың бәрі қаза тапқан.
Ирандық БАҚ-тар президент отырған тікұшақтың кадрларын жариялай бастады.
фото: massaget.kz