Депутат Құспан: Астана — намыссыз қазақтар тұратын қала

0

Астанадағы Ақордаға жақын Алатау саябағына серуендеуге шыққан депутат әлеуметтік желіге осындай жазба қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың жазбасы

— Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін! — деп жазды депутат Абзал Құспан желідегі парақшасында.

Құспанның бұлай жазуының себебі – өзі саябақта кездестірген адамдардың көбінің орыс тілінде сөйлегені. Саябақта келе жатып маңайындағыларды депутат видеоға түсіріп алған. Көбінің орыс тілінде сөйлегеніне намысы қайнаған.

Қазақ тіліне қатысты соттар

Абзал Құспанды тіл жанашыры десе де болады. Ол сөзімен емес ісімен оны сан рет дәлелдеген. Оралдағы қоғамдық көліктерде қазақ тілінде қызмет көрсету үшін соттасып, тіл жанашырлары Руза Бейсенбайтегі мен Оғыз Доғанды қорғаған.