Жұрт жаназа шығаруға 30 мың теңге сұраған имамға шүйлікті
Арыс қаласында имамдар өз қызметі үшін ақы сұрайтын болған. Түркістан облысында имамдар қайтыс болған адамның жаназасын шығару үшін белгілі бір мөлшерде ақша алады.
Желі қолданушысы өз Facebook парақшасында жариялады. Бұл туралы Kyn.kz жазды.
Автордың жазуынша, имамдар қызмет көрсеткені үшін 30 мың теңге ақша сұрайды екен.
“Біздің Арыста участкелік имамдар жаназа шығаруға 30 мың теңге деген “ставка” қойып алыпты. Неге деген сұраққа «беташарға» да бересіңдер ғой деген уәждері дайын дейді. Қуаныш пен қайғыны ажырата алмаса бір-бір мешітте даңғарадай сәлде киіп несіне жүр десеңші?Жағдайы жоқтар жаназасыз кететін түрі бар қысқасы”, — деп жазған ол.