Қазақстандық азамат алимент төлемеу үшін өзінің өліп қалғанын хабарлаған

0

Қарағанды облысының тұрғыны ерекше түрде алимент төлеуден жалтаруға шешім қабылдап, ол анасы арқылы өзінің «қайтыс болғанын» мәлімдеді. Бұл туралы өңірдің жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжанов айтып берді.

Оның айтуынша, борышкер алимент төлеуден қасақана жалтарады және қарыздың пайда болуына байланысты жүргізуші куәлігін тоқтата тұру туралы сотқа жолдама берілді.

«Сот құрған чатта борышкер анасының атынан қайтыс болғанын жазды. Біз таңғалдық. Сосын сұраныс жасап, оның тірі әрі сау екенін анықтадық. Сондай-ақ ол күнде TikTok желісінде контент жасап отырған», — деп жазды Саяхат Ахметжанов 2024 жылғы 15 мамырда.

Фото: freepik