«Түрмеде отырып байланысқа шыға береді»»: 6,5 жылға сотталған актер ерекше жазба жариялады
Алматыдағы караоке-барлардың бірінде төбелеске қатысқаны үшін айыпталып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған актер Асқар Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында жиі жазба қалдыратыны оқырмандардың таңданысын турдырды. Бұл ол сүйген қызымен түскен фотосын жариялап, ерекше жазба қалдырған.
«Ешқашан…Естисіздер ме, ешқашан сізді сүйген адамның көңіліне тиіп, ренжітпеңіз. Тіпті сіздің ол адамға деген ешқандай сезіміңіз болмаса да. Себебі, сіз қиын жағдайға тап болғанда сол адам ғана жаныңыздан табылуы мүмкін», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары түрмеде жазасын өтеп жатқан актердің әлеуметтік желіге жазба жариялағанына таң қалуда.
фото: әлеуметтік желідегі парақшадан