Зарина Дияс ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жарысын жеңіспен бастады

0

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің алғашқы кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W75 турнирін сәтті бастады. Курумидегі турнирдің алғашқы айналымында отандасымыз әлемнің 410-ракеткасы, 24 жастағы Сакура Хосогимен сынға түсіп, үш сетте 6:4, 3:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Тартысқа толы өткен матч 2 сағат 25 минутқа созылды. Енді Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 214-ракеткасы, таиландтық 21 жастағы Мананчэйа Савангкаевпен таласады.

Айта кетейік, әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы иығынан алған жарақатқа байланысты ұзақ уақытқа спорттан қол үзіп, жарыстарға қатыса алмаған еді.