Екібастұзда сәбиін аштан өлтірген әйел сотталды
Екібастұзда 8 айлық баласына тамақ бермей, аштан қалдырған әйел сотталды, деп хабарлайды Kznews.kz.
Шідерті кентінің тұрғыны сотта кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен, басқа да құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал әйелдің қалған екі баласы мемлекет қамқорлығына өтіп, өзі ата-ана құқығынан айрылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.