Балаклавадағы қыс

0

Осыдан ондаған жылдар бұрын жеке қала болған Балаклава қазір Севастопольдің құрамына кіреді. Қыс мезгілінде Балаклава жағалауында адам аз. Теңіз айлағында байлаулы тұрған кемелер мен яхталар көзге шалынады. Турист көп келетін жаз маусымында жұмысы қызып жататын сауда орындарының көпшілігі қазір жабық тұр.

Осыдан ондаған жылдар бұрын жеке қала болған Балаклава қазір Севастопольдің құрамына кіреді. Балаклаваның теңіз айлағында байлаулы тұрған кемелер мен яхталар көзге шалынады.

Жағалауға жақын маңда Балаклаваның ең көрікті орындарының бірі – 1343 жылы салынған Чембало қамалы тұр. Заманында алынбас қамал атанған бұл жер Қырым түбегінің оңтүстік жағалауын бақылайтын Генуэ теңіз республикасының батыс форпосты болған.

Чембало бекінісін жаңғырту туралы уәде еткелі 13 жыл болған. Жұмыс бірде басталып, бірде тоқтап қалады, кезінде атағы жер жарған қамал қазір жартылай қирап жатыр.

Крым.Реалии сайты журналистері қысқы Балаклаваны суретке түсіріп қайтты.


Дереккөз: Азаттық