Нью-Джерси губернаторының Дінмұхамед Қонаевқа жазған хаты жарияланды

0

Хатта америкалық губернатор Қонаевқа кездесу мен қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, оны Нью-Джерси штатына шақырған. Хатты Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың мұражайы жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

“Құрметті Қонаев мырза, Майнер ханым және мен сізбен және сіздің қызметкерлеріңізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Қонақжайлылық танытқаныңыз үшін және бізге мемлекеттік құрылымыңыздың ерекшеліктерін ықыласпен түсіндіріп, көптеген мемлекеттік мекемелеріңізбен жеке танысуға жағдай жасағаныңыз үшін өте ризамыз. Жақын арада Америка Құрама Штаттарына жолыңыз түссе Нью-Джерси штатымен де танысуға келерсіз деп үміттенеміз», — делінген хатта.

Фото: instagram.com/museumkunaev