БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

0

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
3
1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ … … … … … … .. … … ..

6
1.1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің себептерін анықтайтын педагогикалық талдаулар мен себептер … … … … … … … … … … … … … …

6
1.2 Математика сабағынан алған білім деңгейін бағалау критерийі … … .
13
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ … … … .

24
2.1 Оқушының білім деңгейін сыныптан тыс сабақ арқылы көтеру жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .

24
2.2 Математика пәнін оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .

28
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … … ..
37

КІРІСПЕ

Көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы халыққа Жолдауында қазіргі заманғы білім беру мен кәсіптік даярлауға қатысты былай делінген: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары техналогиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадырлар қорын жасақтауымыз қажет. Олай болса, жоғары оқу орындарымен орта мектепткрдің алдында жаңа міндеттер айқындалары сөзсіз. Осындай білім беру жүйесіндегі әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар математика пәні мұғалімдерінің де алдына жаңа талаптар қояды. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттеліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім Заңында ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. [1,8].Біріккен ұлттар ұйымы мен сауатталықтың он жылдығы құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі — адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарыстырылып, Нәтижеге бағдарланған білім моделіне көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім объекті болудан тірі білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндеге базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я.А.Коменский,Т.А.Ильина, А.С.Макаренко, Жан-Жак Руссо, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев т.б. берік білім беру пікірлерін білдірген.
Қазіргі кезде бұл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р.М.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева, В.П.Карибжанова, Г.К.Шолпанқұлова, К.Т.Әтешова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т.Жүндібаева, К.Тілеубергенова, С.Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда [2,1], [2,2].
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе — оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Оқытудың,тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі.Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, курыстық жұмысымның тақырыбын » Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушылардың үлгермеушілін болдырмау» деп атадым [3,14][3,16].
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыстармен қарым-қатынасын көрсету. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:1)Зерттеу тақырыбының мазмұнын ашатын оқу-танымдық іс-әрекетіне қажетті білім қорын жинау, түрлі әдебиеттер мен озық тәжірибелі педагогтардың еңбектерімен танысу.2)Озат іс-тәжірибені практикаға ендіру, дидактикалық материал, үлестірме, материалдармен жұмыс істеу.
Зерттеудің болжамы:Егер мұғалім сыныппен жұмысты жақсы өткізсе онда осы мәселеге байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес міндеттері анықталады. Заманауи ұстаздың өз іс — әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруы,оқушымен атқаратын қызметі, жақсы қарым — қатынаста болуы және осыған қатысты материалды жинақтау.

Зерттеу әдістері:
Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерді оқып танысу және пайдалану;
Оқу бағдарламалары мен оқулықтарын талдау;
Әдістемелік құралдаоды зерттеу тақырыбына орай талдау;
Білім беру мәселесіне қатысты құқықтық нормативтік және ресми құжаттармен оқып танысу. Педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау жұмыстары жүргізілді бақылау және ізденушілік жұмыстары.
Зерттеу жұмысының көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың педагогтар мен психологтардың ғалымдардың әдіскерлердің еңбектері. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар, даму атты 2015 ж 30 қараша айындағы жолдауы жаңа мемлекеттік білім беру бағдарламалары мен тұжырымдамалары сынып жетекшісінің жұмысы, үлгерімі төмен балалармен жұмыс түрлері.
Зерттеу жұмысының базасы. Тараз қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназиясы.
Курстық жұмысытың кезеңдері: Кіріспе, 2 бөлімнен, әр бөлім 2 бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде алынған жұмыстың өзектілігі, қазіргі таңда сапалы білім беру ғана,жас ұрпақтың білім деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу бүгінгі күннің басты талабы екені жайла сөз болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсат, міндеттеріне, нысанасына, пәні жайлы айтылады.
«Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері «атты І тарауда оқушылардың оқуға үлгермеу себептеріне теориялық тұрғыдан жолдаулар мен негіздеулер берілген.
Сондай-ақ, математика пәнінен үлгермейтін оқушылардың оқытылу ерекшеліктері көрсетілген. ІІ тарауда Бастауыш мектепте математика пәнінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, оны ұйымдастырудың ерекшеліктері сөз болды. математика пәнінен үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер жайлы айтылады және бір ашық сабақтың үлгі нұсқаулығы келтірілді.
Қортындыды: Үлгермейтін оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінің қаншалықты деңгейде болғандығы сөз етіледі. Ол балалармен ұстаздың атқаратын жұмыстары қарастырылады.

І. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1Оқушылардың оқуға үлгермеуінің себептерін анықтайтын педагогикалық талдаулар мен себептер
Үлгермеушілік — оқушының білім беру мазмұнын оқу бағдарламасында көзделген деңгейден анағұрлым төмен деңгейде меңгеруі.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.
Әйгілі психологтар Ю.К.Бабанский және В.С.Цетлин үлгермеушіліктің ішкі — әлеуметтік және сыртқы — оқу орындарындағы оқу процесінің кемеліне жетпеген ұйымдастыру себептерін көрсетеді. Ал, И.В. Дубровина, П.П. Блонский және Н.И.Мурачковскийдің еңбектеріне үлгермеуші оқушылар оқуды білмейтіндігі, олар оқу материалдарының тақырыптарын меңгеруде логикалық өңдеу жасай алмайтындығын көрсетеді.[4,84]
Бастауыш сынып оқушыларының жазу жұмыстарындағы әріптерді қалдырып кету, ережелерді жақсы білуде орфографиялық қателер жіберу, зейінсіздік пен ұмытшақтық, математикалық есептерді шығарудағы, тексті айтудағы қиындықтар, көбейту кестесін нашар білуі, дербес тапсырмаларды орындауда оқу іс — әрекетіндегі қиындықтардың бала үлгерімінің төмендеуіне әсер ететіндігін психолог С.Н.Костромина қарастырған.
Көптеген авторлар үлгермеуші оқушыларды әр түрге топтаудың негізі етіп өздері зерттеп анықтаған үлгермеушілік себептерін алған. Көбінесе, осылайша Л.С.Славина ұсынады: үлгермеуші оқушылардың түрлері Славина бойынша басымырақ себептеріне байланысты бөлінеді. Үлгермеушілердің бір тобын оқуға деген түрткісі жоқ оқушылар құраса, ал екінші тобын оқуға деген қабілеті жоқ балалар, ал үшінші түрін оқу дағдысы дұрыс қалыптаспаған, дұрыс жұмыс істей алмайтын балалар құрайды.
Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету — бүгінгі таңда мектептегі психолог жұмысының басты мәселесі болып табылады.
Психолог ғалым А.М.Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен.
Жалпы және тұрақты үлгермеушілік — ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.
Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік — бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.
Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік — бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

I категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл — ойының дамуының әлсіздігі.
II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;
III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.
Үлгермеуші оқушылардың сөздік-логикалы ойлау қызметі іс-әрекеттік түрінен әлдеқайда артта қалып қояды, бұл ережелердің тұжырымдамаларын түсінбеуінен немесе ережелерді құр білгенмен тапсырмаларды орындай алмауынан білінеді. Кейбіреулеріне тіпті, көрнекі құралдар бөгет болады, себебі оларды ол көрнекіліктегі басқа да керексіз белгілер алаңдатады. [5,72]
Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде сабақ үлгермеушілік себептерін талдауға көп орын бөліп келеді. Арнайы педагогикалық қазіргі күндегі жетекші парадигмаларының бірі — гуманизация. Ал ХХ ғасырда еңбек еткен Ы.Алтынсарин шығармаларында педагогикалық, гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке мейірімді болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақты принциптерінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ғалымның атақты Хрестоматиясында жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеген.
А.М. Гельмонт барлық жағдайларда белгіленген немесе бекітілген үлгермеушілікті айтады, яғни үлгермеушілерге ол тоқсан аяғына қанағаттандырылмаған бағалардан тұратын ауыр жүкпен келетін оқушыларды жатқызады.
Ю.К.Бабанский еңбектерінде үлгермеушіліктің себеп салдарының байланыс жүйесі сипатталған. Ол оқушылардың оқу мүмкіндіктерін зерттеп, үлгермеушіліктің 2 негізгі факторларын осы түсінікке біріктірген. Оның түсінігінше оқу мүмкіндіктері бұл тұлғаның оқу іс — әрекетіндегі кейбір мүмкіндіктері және ол тұлғаның сыртқы әсерлермен қарым-қатынаста болатын ерекшеліктерінің синтезі.
Психологиялық процестерінің ерекшеліктеріне тән үлгермеушіліктің психологиялық типологиясын Н.И. Мурачкевский ұсынған: бұл жағдайда ол негіз етіп келесі қасиеттерді алған:
1)Ойлау қасиеті
2)Жеке адамның бағыттылығы.
Ішкі жағдай себептеріне ол — балардың ақауларын, олардың дамуын, білік, білім дағдыларының толық еместігін жатқызады. Сыртқы жағдайлар себептеріне біріншіден, педагогикалық себептерді жатқызған.
И.В.Дубровина, М.К.Акимова және В.Т.Козлова зерттеулерінде үлгермеушілердің негізіне жататын психологиялық себептерді 2 топқа біріктіріп, соған байланысты балалардың ерекшеліктерін сипаттаған. Ол себептер:
1. Баланың танымдық іс-әрекетіндегі кемшіліктер.
2. баланың мотивациялық дамуындағы кемшіліктер.
Сонымен қатаркөптеген жылдар бойы үлгермеушіліктің мәселелерін Н.А. Минчинская басқарған ғалымдар тобы зерттеп келген. Олар оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін негізіне үйретілу түсінігін алған, яғни оқу іс-әрекетінің әдістері мен оқуды меңгеруіне байланысты оқушының алғырлығы. Олар үлгерімі төмен оқушыларды үйрете отырып және олардың ойлау деңгейін зерттей отырып, олар дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алмайды, оларға көптеген қасиеттері бойынша ұғымдарды жалпылау қиындық туғызады деген қорытындыға келген. Ондай оқушылардың абстракциялау және жалпылау деңгейі әдетте өте төмен болатындығын дәлелдеген.
Тәрбие — жалпы халыктық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай кетуге болмайды. Ол сабақты нашар үлгеретін, тәртіпсізВ.А.Сухомлинскийдің «Мұғалім екіні оқушыға тапсырманы түгелдей дерлік орындамағанда ғана қоюы керек, мұндай баға алғаны оқушы өзін айыпты екенін сезгендей болсын» деген сөзін негізге алу керек. Мектеп басшыларының назарында мұғалім емес, оқушы да тұруы шарт.[6,45]
Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сьнып жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардьң ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бүл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мүғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сыньш жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларьша, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімеселесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда пәндер бойынша әңгіме өткізіліп кейде оқушыны қандай тақырыпта меңгермегенді ескертіліп кесте қағаздар жүйесі қолданылады [7,30][7,31].
Үлгермеушіліктің алдын алу.
Мектепте оқылатын пәндер бойынша үлгермеушіліктің алдын алу — жаппай білім беруді жүзеге асыру жолдарының бірі. Жаппай білім беру жағдайында оқушылар пән бағдарламасында қарастырылған білім, іскерлік және машықтарды қабырғасында игеруге міндетті. Дегенмен математикалық білімді меңгеруде, теориялық білімді іс жүзінде қолданғанда, өздігінен қосымша әдебиеттермен жұмыс істегенде, сондай — ақ олардың математикалық іс — әрекеттерінде олқылықтар мен кемшіліктер бой көрсетеді. Оқушылардың математикадан алған білімі, іскерлігі мен машықтарындағы кемшіліктерін, соның нәтижесінде үлгермеушілікке ұрындыратын себептерді атап өтейік:
Оқушылардың білімінде олқылықтар болуы, ұғымдарды, ұғымдардың ерекше белгілері мен қасиеттерін және т.б тұжырымдауға мүмкіндік бермейді;
Есеп шығарғанда білімді қолдану іскерлігінде олқылықтардың болуы;
Есептеу сипатындағы іскерлік пен машықтарда сызбаларды құрғанда, графиктік жұмыстарды орындағанда, құралдарды пайдаланғанда олқылықтардың болуы;
Оқушының жұмысқа кірісуге немесе бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін дербестігінің, зейінінің, табандылығының жеткіліксіздігі
Үлгермеушіліктің алдын алу бүкіл сыныптың немесе әрбір оқушының сабақтағы және үйдегі қызметін пәрменді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Үлгермеушіліктен сақтандыру үшін мұғалім жалпы математикалық білімді меңгергенде кездесетін қателерді болдырмау шараларын іздестіреді және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының тиімді тәсілдерін жолға қояды. Сонымен, үлгермеушіліктің алдын алу шарты бағдарламалық материалды әрбір оқушының жүйелі оқуы болып табылады. Бір жағынан, бұл оқу материалының бір — бірімен тығыз байланысы немесе сабақтастырылуы арқылы қарастырылады.[8,354].
Егер кімде — кім есептер шығаруға байланысты математика, физика, химия және басқа да оқу пәндері мұғалімдерінде туатын барлық сұрақтар осы деп ойлайтын болса, онда ол педагогикадан өте аулақ адам. Жоғарыда көрсетілген сұрақтардың бәрі де жаңа методикамен әлі бірде — бір сабақ өткізіп көрмеген кез келген ойына келеді. Бұл күрделілігі бірінші категориядағы сұрақтар.
Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты. Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мүғалімімен тығыз байланысып сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтан қашатын оқушының мұғалімге наразылығы кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді [9, 72].
А.С.Макаренко былай деп көрсетті: » Тәрбие дегеніміз шын мәнісінде әлеуметтік процесс. Бәрі де адамда затта құбылыста тәрбиелейді. Бірақ бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін — адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар».
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие процесіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жүмыстарына араласуы.
Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте сақтауы. Ерік жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.
Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға карай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді. Мысалы, Қанат деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жүмыстар жүргізу керек деп үйғарды.
Орыстың тамаша демократы В.Г.Белинский тәрбиешіні, мүғалімді бекерге бағбанмен салыстырмаған.[10,25]
Бастауыш сынып оқушыларын жоғары сыныпқа барғанда сабақты нашар оқитыны және жеке пәндерден үлгере алмайтын себебі біздіңше мыналар!
1)- бастауыш сыныптарда оқыту жұмыстарының дер кезінде жүйелі, тиянақты, сапалы өтілмеуінен.
2) — мұғалімдердің тәжірибесіздігі мен методиканы жете меңгермейтіні, шеберлігінің жоқтығы, күнделікті өмірдің жаңалықтарынан бейхабарлығы, өз жұмысына немқүрайды қарайтындығы.
Осындай жағдайлардан барып оқушылар өткен сабақты толык түсіне алмайды. Өйткені сабақ қызықсыз, тартымсыз болғандықтан, бала ынта қойып тыңдамайды. Сондықтан үй жұмысы да орындалмайды. Бала өткен материалға түсінбегендіктен, жаңа сабақты да түсіне алмайды. Себебі бір сабақ екінші сабакпен байланысты. Сабақ үлгермеушілік біртіндеп келіп осындайдан шығады.
Кейде сабақ қызықты, өз дәрежесінде өтіп жатыр делік. Осындай жағдайда да кейбір оқушылар көңілімен тыңдамай, басқа жұмыспен айналысып отырып, сабақты түсінбей қалады. Мұғалім де ол оқушыны аңғармай қалады, бүл да сабақ үлгермеушілікке апарып соғады. Сондықтан мұғалім сабақ өткізгенде де сақ болуы керек. Әр баланың тек сабақ емес, сабақтан тыс уақытта да психологиясына, біліміне, қабылдау кабілетіне, үй жағдайына көңіл бөлінсін. Оның қай сабақтан үлгермейтіні есепке алынып, кезінде көмек берілсін. Бұлар — үлгіртудің жолы.Осындайлардың салдарынан өте жақсы оқушы жақсыға, жақсысы ортаға, орташасы нашар оқитын болады. Олардың қызығушылығы жойылады да, үлгермеушілер көбейе бастайды. Оқушының сабақ үлгермеуінің тағы бір себебі: мұғалім олардан кезінде сұрамайды. Күдер үзіп, көңілі қалған бала сабақ оқуды қояды. Бүл — мұғалімнің қатесі [11,8].
Үлгермеушілік ата-аналармен жүйелі қарым-қатынас жасамауданда шығады. Баланың үйінде жағдайы болмаса, сабақты оқуға да ынтасы болмайды. Оқушының сабаққа келмеуі немесе жиі-жиі кешігуі кезінде анықталмаса да залал. Мұғалім ауырып немесе басқа себептен келмей қалса, кез келген мұғалімді жібереді. Ол сабаққа дайындалмайды және сыныптың талабын да білмейді. ІV сыныпқа барғаннан кейін ІІІ сыныпта үлгірген оқушының да үлгермеуі мүмкін. Ол — жыл басынан пән мұғалімдерімен сынып жетекшісінің жыл бұрын бекітілуінен. Оның үстіне мұғалімдердің жиі ауысып, сабақ кестесінің тұрақты болмауынан да болады.
Міне, оқушылардың үлгермейтін себебін қысқаша айтқанымызда осылай. Енді сол себептерді болдырмау жолына бәріміз болып ат салысуымыз керек.
Меніңше, бұл істер әрбір мұғалім өз алдындағы талаптарды жете түсініп, қолынан келетін жұмысты дұрыс ұйымдастырып, қажымай-талмай көп ізденіп, еңбек етсе, сөзсіз, ойдағыдай орындалады. Бүған қазір барлық жағдай бар. Ең бастысы — әрбір жеке пән мұғалімінің сол пәннен терең білімі болуы қажет. Екінші — сол білімді оқушыларға саналы түрде жеткізе білу. Оның жолдары мен әдіс, тәсілдері көп. Мысалы, өз тәжірибемде ең алдымен оқушылардың сабаққа деген қызығуы мен ынта, назарын арттырамын. Ол үшін талғамнан өткен көрнекіліктер мен техникалык қүралдарды, таратылып берілетін үлестірмелерді, тіпті, сұралатьш оқушыларыммен қалай қорытатынымды да күн бұрын белгілеймін.
Оқушы есеп шығарып тұрғанда ойын бөлмей, жауабы аяқталған соң, бағаны не үшін қойғаныңды баланың берген жауабының кемістігі мен жетістігін айта түсіндірген жөн. Бұл, сөзсіз оқушылардың сабақ үлгеруіне, материалдарды саналы меңгеруіне ықпал жасайды.
Оқушы жауап бере алмай тұрып қалса, мұғалім ой салатындай жетекші сұрау беру керек. Мұндайда жауаптың мазмұн толықтығына ғана емес, оның тіліне, ой жүйесіне, бастауы мен аяқтауына көңіл бөлген дұрыс. Сонда оқушының тілі ұстарып, оған қойылған баға әділ болады да оқуға, өзіне деген сенімі артады.
Үй тапсырмасының маңызы өте зор. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, жауаптылық сезімін туғызады, білімді игеріп алуға көмектеседі.
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны, сондай-ақ оны орындаудың тәсілдері сабақ үстінде түсіндіріледі. Мақсат олардың сабақ үстінде алған білімдерін бекіту, үйренген дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ өздігінен білім алу шеберлігін дамыту. Мысалы, оқушы бір қысқа өлеңді жаттау үшін ол алдымен өлеңді 3-4 жолдан бірнеше бөлімге бөліп, әуелі бірінші бөлімін, содан кейін екінші бөлімін бірнеше рет қайталайды. Соңынан ол бөлімдерді қосып, тағы жаттайды. Өлең жаттаудың басқа да тәсілі көп. Кейбір оқушылар өлеңді әуелі басынан аяғына дейін түгел 2-3 рет оқып шығады, қиын жерлерін қайталап айтады, осыдан соң түгел кайталайды. Зерттеулерге қарағанда өлең жаттаудың бұл түрі де нәтижелі [12,7].
Қабағын түйіп, ашулы дауыспен, жекірумен сабақ өткізетін мүғалімдер де бар. Әрине, ондай мұғалімнің сабағы оқушыларды тартпайды да, қызықтырмайды. Ал өз пәнін, оның методикасын, балалардың өзгешелігін, психологиялық процестерін жетік білетін мұғалімдерді, сөз жоқ, оқушылар ұнатады да құрметтейді және ондай мұғалімнің сабағында жалықпайды.
Атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай, бала мұғалімнің бет құбылысы мен дауыс ырғағынан не айтқалы тұрғанын білгені пайдалы екенін тәжірибе көрсетті. Аз сөйлеп, көп нәтиже шығару, кұрғақ қағидадан еңбекке дағдыландыру — алдағы басты міндеттеріміздің бірі. Біздер, мұғалімдер, қиын да қызықты еңбегімізбен Ы.Алтынсарин айтқандай, мектептің жүрегі болуымыз керек. Ақауы жоқ, таза қанды, тоқырап, тоқтап қалуды білмейтін, өз білмегенін біреуден көрмейтін, өмір бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек мектепке.
Т.А.Ильина мектептің жүрегі бола білу — өмірден өз орнын табу деген сөз деп айтқан болатын.
Жас ұрпаққа білім берудің негізгі формасы — сабақ. Онда өтілетін материалды түсіндіріп қана қоймай, балалардың білімін тексерудің маңызы зор. Оқушылардың білім сапасы, көбіне, жаңа сабақтьт түсіндірген кезінде зер салып тыңдауына байланысты. Зейін қойып тыңдамағн оқушы тапсырманы өз бетімен оқып білуде, орындауда көп киыншылықтарға кездеседі. Сабақта өзін дүрыс үстамайды, басқаларға кедергі жасайды.
Оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына қатаң бақылау қажет.
Оқушының дәптері — мұғалім жүмысының айнасы екенін естен шығармаған жөн. Оқушылардың білімін ауызша сұрап тексеруді сабақтың әр кезінде жүргізуге болады. Баға қоярда бұрын өтілген материалдан қосымша сұрақтар қояды.
Қандай пән болсын өтілетін материалдардың өткендегісі мен жаңасының арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар болады. Жаңа материалды сабақтың бірінші кезеңінде түсіндірген жөн. Үй тапсырмасын пысықтағанда жаңа материалдан салыстырмалы сұрақтар қойып, оқушы жауабын кеңейте түсуге болады. Бағаны сабақтың соңында, оқушылардың берген жауаптарына қысқаша талдау жасағаннан кейін қояды.
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады.Оның алдын алуға әбден болады. Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында. Үлгермеушіліктің негізгі мәселелері мыналар;
1) Жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы,бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы,мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
2) Мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы;
3) Тәрбие жұмысындағы олқылықтар оқушылардың тәртібінің төмендігі,өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі,мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушларға уақытылы және тиісті шара қолданбауы;
4) Бағалаудағы біржақтылық ;
5) Оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;
6) Сабақ босату,оқушының ауырып қалуы;
Оқу- тәрбие ісі меңгерушісініңбұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді аз-кем соған тоқтала кетейін.Ең алдымен,меңгеруші мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысу керек(үлгермеу себептерін айқндау,біліміндегі олқылықтардың сипаты).Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатындағы мектепте педагогикалық дөңгелек үстелдер,семинар,тренингтер өткізілуі тиіс.Олардың тақырыптары;нашар үлгеретін және үлгермеитін оқушыларға білім беру үрдісін белсендету, Үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі ұстаздар қауымының іс-әрекеті, т.т. бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып,пікірлер тыңдалып,үлгермеушілік себептерінің айқындалуы және жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылу қажет.Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге,алдын алуға бағыт береді,көмектеседі.Сондықтан біздің мектеп тәжірибесінде қалыптасқан үлгермеушілікпен жұмыс үлгілерін ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз[13,56].
1.2 Математика сабағынан алған білім деңгейін бағалау критерийі
Бағалау нормасы
Оқушылардың математикадан алған білімдері, машықтары мен дағдылары күнделікті ауызша сұрау мен қорытынды бақылау жұмыстары арқылы тексеріліп бағаланады.
А) Ауызша жауаптарын бағалау
5 деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;
есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;
есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, өзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптпрын дәл тұжырымдап бере алса;
практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса;
Егер оқушының жауабы негізінен 5 деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, 4 деген баға қойылады:
жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;
есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;
есептерді шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;
өлшеулер мен сызуларды орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса;
Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлығын да оп — оңай түзете алады.
3 деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;
есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса;
Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара білмесе және есептеулерді жүргізе алмаса, онда 2 деген баға қойылады.
Егер оқушы бағдарламалық материалды түгел білмейтін болса, онда 1 деген баға қойылады.
Үлгермеушілікті тудыратын факторлардың бірі — мұғалімнің оқушы білімін тексерудің және бағалаудың әр түрлі әдістерін орынды пайдалана білмеуінде. Күнделікті сабақ барысында 3-4 оқушыдан ғана сұрап, сол бағалардың негізінде тоқсандық қорытынды шығару оқушы білімінің дәрежесін толық көрсетпейді. Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмыстары үшін күнделікті бағалардың негізінде тоқсандық баға қойылады.
Баға қойғанда оқушылардың жазбаша жұмыстарының сауаттылық дәрежесі еске алынуы тиіс. Окушылардың ауызша жауаптарын бағалауда мына негіздерге сүйенеміз:
1) Оқушы білімінің толықтығы, яғни оқып жүрген сыныбының
бағдарламалық материалын толық меңгеруі.
2) Оқушының білім сапасы:
а) оқушы анықтамалар мен ережелерді жете түсіне ме, оны мысалдар келтіріп, дәлелдеп айтып бере ала ма? Жауаптарында қандай қателер жіберді, олардың сипаты қандай, қателерін оқушы өздігінен түзей ала ма? ә) Оқушының алған білімін практикада дүрыс қолдана білуі, берілген тапсырманы өздігінен толық орындай алуы.
3) Оқушы оқу материалын стильдік жағынан жатық тілмен толық айтып бере алуы қажет. Баланы оқыту, білім беру, бағалау үлкен тәрбиелік міндетті де қамтитыны белгілі. Сабақтың тәрбиелік сапасына жету алуан түрліжолдармен іске асады. Солардың бірі — сұралған оқушының білім дәрежесін әділ бағалау, қойылған бағаны жариялау.
Біздің ойымызша, әр бағаның сұралған балаға ғана емес, бүкіл сынып оқушыларына қатысы бар.
Бағаны жариялау сапасы белгілі тақырып немесе бөлім материалдарын түгел меңгеруге сынып оқушыларын толық ұмтылдыратындай болсын. Ол үшін оқушыға қойылған баға жай айтыла салмай, жариялана түсіндірілуі қажет. Бұл әдіс бойынша екі түрлі мақсат жүзеге асады. Біріншіден, қойылған бағаның әділдігі дәлелденеді, екіншіден мүғалімнің ескертпесі бойынша оқушы олқы білетін материалдарын келешекте қайталап жете білуіне нақты тапсырма алғандай жауапкершілік сезінеді.[1,354]
Қазіргі кезде білім сапасын бағалау жүйесін жаңарту өзекті мәселелердің біріне айналды. Бес балдық бағалау қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандырмайды.Озық технологияларын қолданып, білімді меңгерту әдістері жетілдіргенімен бағалау бұрынғы жүйеде қалды. Сондықтан оқушы танымындағы өзгерістер мен жетістіктерді бағалау сипаты арасында қайшылықтар қалыптасты. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі білім сапасын бағалау жүйесін жаңартуды талап етіп отыр.Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымды қарым — қатынасты орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін жою, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу үшін критериалды бағалауды қолдану керек.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің ( Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).
Қалыптастырушы бағалау:
оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (шағын өз беттік жұмыс, тест т.б.);
оқушыларға өзінің жұмысын түзетуге, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі;
мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі туралы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізді.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерлеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқытудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
Тиімді оқыту және оқыту мақматында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында оқу мақсаттарына жеткендігінің нгемесе алға ілгерлеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін көрсететін портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін өолданылуы мүмкін. Портфолиода көптеген деректер қамтылуы мүмкін, соның ішінде:
жазбаша жұмыстар (мысалы, жұмыс дәптерлері, бағалау журналы, үй тапсырмалары, оқушылар жазбалары);
фотосуреттер немесе бейне дәлелдемелер (мысалы көркем сурет жұмыстары, сыныптағы көрме, модельдер, таныстырылым, оқушылар қатысқанмузыкалық көрсетілім және оқушылар қатысқан іс — шаралар);
электронды жазбалар (мысалы, таныстырылымдар, құжаттар анимациялар);
мұғалімнің жазбалары немесе сабақты қадағалау жазбалары;
ата-аналарының пікірлері.
Жиналған дәлелдердің сипаты дәстүрлі тест көмегімен анықтау қиынға түсетін дағдыларды бағалауға мүмкіндік беретінін байқатады.
Жинақтаушы бағалау:
тақырыптық немесе бөлімінің оқытуды аяқтау кезінде жүргізілді (бақылау жұмыстары немесе зачеттар).
оқушыларға оқылған тақырып бойынша жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
мұғалімге оқушылардың жетістігі туралы қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңінің (тоқсан, оқу жылы, орта білім деігейі) аяқталған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Жиынтық бағалау бөлім ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен жинағын дағдыларының нәтижесін бағалай отырып, қалыптастырушы бағалау нәтижелерін толықтырады.
Нақты бағалау критерийлері болған күннің өзінде де қалыптастырушы бағалау кезінде баға қою әлі де күрделі ұдеріс болып табылады және мұғалімдер олар бойынша түсініктеме бере алады. Мұғалімдер қойған бағаның сенімділігі мен дәлелділігін арттыру мақсатында модерация қолданылады. Блэк және басқалао (2011) бұл үдеріс екі қадамнан, стандарттау және модерациядан тұрады деп сипаттайды.
Стандарттау мысалдардың жалпы жиынтығының негізінде оқытуды көздейді, одан кейін мектептер өз жұмысында жалпы стандарттар мен критерийлерді қолдануға құзіретті болады деп болжанады. Модерацияның талаптары анағұрлым қатал, ол жыл сайын ағымдағы шынайы деректерді белгілей отырып, мектепшілік және мектепаралық кездесу өткізуді талап етеді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Критерийлер-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжым мен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялар мен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласының ұсынылуы, оның анық айқындылығы, бағаның әділ қойылуы, өзін бағалауға мүмкіндіктердің берілуі. Критерий оқыған бағдарламаға сай алынады. Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.Математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану, оқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыруға көмектеседі. Оларды табысқа жетелейтін жол көрсетеді, өзін және өзгелерді бағалауды үйретеді, оқушыларды сыни ойлауға өз ойын айтуға өзінің білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыру арқылы оқушылардың білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, бағдарламаға сәйкес оқушының дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. Оқушы білім алу барысында алған өз бағасының әділдігіне көз жеткізеді. Білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім мен ата-ана арасында кері байланыс орнайды. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz