Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан азаматтың соты тікелей эфирде өтеді
Тағы бір резонанстық іс бойынша сот онлайн режимінде таратылады. Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрды деп айыпталған Нұрболат Дакебаевтың ісі тікелей эфирде қаралады.
Сот залынан тікелей эфирді Жоғарғы сот жүргізеді. Сонымен қатар, баспасөзге қол жетімділік ұйымдастырылған.
Нұрболат Дакебаевтың ісі бойынша сот талқылауы шамамен екі ай бұрын басталды. Оны «бұзақылық» бабы бойынша айыптады.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға осы жылдың 27 қаңтарында болған. Қарағандылықтардың біріне жедел жәрдем көлігі жол жүруге кедергі келтіргені ұнамады. Ол жүргізушіге барып, бетіне соққы берген. Жәбірленуші көптеген жарақаттармен ауруханаға түсті. Бірнеше күннен кейін полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Нұрболат Дакебаев болып шықты. Бірақ ер адамды бірден ұстау мүмкін болмады.