Бағдат Мусин қызметінен кетті. Орнына кім келеді?

0

Президент жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Б.Мусиннің жасы 41-де. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін 2020 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келді. Осы мерзім ішінде Мусиннің қызметіне қатысты сын көп айтылды. Әзірге оның нақты қандай «минусы» үшін қызметтен кеткені жұмбақ, қайда барып тұрақтайтыны да беймәлім.

Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тізгінін «Қазақтелеком» АҚ-ның қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеев ұстауы мүмкін.

ақпарат: Nege.kz

фото: ашықдереккөз