30-31 желтоқсан мен 1-2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Синоптик мамандар елде Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болатынын болжады
АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Метеоролог мамандардың айтуынша, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Қазақстанның көп бөлігінде күн қатты суытады. Тек республиканың солтүстік аумағында ғана ауа райы құбылмалы болады: күн бұлттанып, қатты жел мен боран соғады.
- елдің орталық және шығыс өңірінде түнде ауа температурасы —15; —25 градус, ал күндіз —10; —20 градус болады;
- оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде —2; —12 градус, күндіз —0; —5 градус, арасында 5 градусқа дейін жылиды;
- түнде батыста —5; —15 градус, ал күндіз 0; 8 градус аяз болады.
- солтүстік және солтүстік-батыста түнде —15: —23 градус, ал күндіз 7; 15 градус аяз.
Екінші қаңтар күні елдің көп өңірі антициклон құрсауында болады. Бұл кезде күн жылынуы мүмкін.
Астанада қаласында Жаңа жыл қарсаңында, 30-31 желтоқсан күндері қар жауады. Боран мен желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде —12; —17 градусты көрсетсе, күндіз 7; 12 градус аяз болады.
2019 жылдың алғашқы күндері — 1-2 қаңтарда түнде ауа температурасы —20; —25 градусты көрсетсе, ал күндіз 15; 20 градус аяз.
Еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында мереке күндері күн ашық болады. Түнде ауа температурасы —5; —10 градус болып, күндіз 0; 5 градуста тұрақтайды.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/