«Бишімбаевтар қаптап бара жатыр»: әлеуметтік желіде аяусыз соққыға жығылған тағы бір әйелдің видеосы тарады
Әлеуметтік желілерде әйелін төпелеп жатқан ер адам таспаланған тағы бір видео тарады.
Оқиға Алматы қаласында болған. Видеода ер мен әйел бір үйдің кіреберісінде тұрғанын көруге болады. Ер адам әйелді бірнеше рет теуіп, артынша бетінен жұдырықпен ұрады. Әйел баспалдақтың жақтауынан ұстап, құлайды. Сондай-ақ ол оған айқайлап жатады, деп жазады Stan.kz.
Осы жағдайға байланысты Алматы полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.
“Бұзақылық” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір видеода бейнеленген азаматтардың кім екені мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі азамат міндетті түрде жауапқа тартылады”, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.