«Қыздарына ие болмай ма?!»: Дархан Жолшыбековтың анасы алғаш рет ұлының некесіз қызына қатысты пікір білдірді
Танымал блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз баласының мәселесі қоғамда тағы қызу талқыға түсті. Бұл жолы “Көреміз” бағдарламасына блогердің анасы алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Айта кетейік, осыдан 4 ай бұрын жезқазғандық ару Айдана Сапарбекова блогер Дархан Жолшыбековті әке міндеттерін орындамайды деп кінәлағаны желіні шулатты. Ол 5 жыл бұрын танымал блогермен көңіл жарастырып, бала сүйген. Алайда блогер Дархан Жолшыбеков баладан бас тартқан. Қазірдің өзінде кәсіпкер ауыр дертке шалдыққан сәбиге 15 000 теңге алимент төлейді екен. Бағдарламаға шақырса, блогер келмеді, орнына анасы телефон арқылы істің ақ-қарасын айтты.
“Біз ештеңе білмейміз. Айдана деген қыз ел алдына шығып, баламды қаралап отыр. Мен бұл қызды танымаймын. Кездескен де емеспіз. “Анасын танимын, үйіне бардық” деп өтірікті соғып отыр. Әпкесі келді. Осы жерде ұрыс шығарып, жанжалдасып қалдық. Бірақ қыздың өзін көрмедім. Ұлым 25 жаста. Не істесе де, өзі біледі. Осы күнге дейін ақыл айтқан емеспін. Бәрін өзі шешеді. Баланы көріп отырмыз, сап-сау. Ауру дегенге сенбеймін. Әке-шешесі қыздарына ие болып отыруы керек еді. Баламды өзі қаламаған қызды “ал” деп, зорламаймын. Бұл қыздың сөздері жүйкеме тиіп бітті”, – деп ашуланды блогердің анасы.
Дарханның анасы сәбидің диагнозына сенбегенімен, логопед маман күрделі психикалық сырқат екенін растады. Тіпті медициналық кітапшасы мен анализ қорытындыларын да көрсетуге дайын екенін айтты.
«Балада эхолалия диагнозы. Қарапайым тілмен айтқанда, бала сіздің не айтып жатқаныңызды түсінбейді. Миының дамуы тежелген. Сырттағы сөз бен дыбысты жаңғырық секілді қабылдайды. Сұраққа сұрақпен жауап береді. Бұл балаға дефектологпен шұғыл жұмыс істеуі керек. Баланың еміне айына 300 мың теңгедей керек. Алты айда емдеуге болады. Емделмесе аутизмге ұласып кетуі мүмкін», – деді логопед маман.