«Көз жасымды сүртіп, өз-өзіме келіп жатырмын». Ләйлә Сұлтанқызы сүйінші жаңалығын айтты
Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше қуанышты жаңалығымен бөлісті.
«Мама, бірден көңілім босап кетті.
Бөлісетін шынымен де керемет бір жаңалығым бар. Уһ, көз жасымды сүртіп, өз-өзіме келіп алайын.Біздің пациенттердің ең үлкені Мадина 47 жаста. АХГ көтерілді. ЭКО-белгісіз ұзақ жол.
Басында қалай уайымдағанымызды білсеңіздер ғой..
Жасына байланысты күдік пен қорқыныш өте көп болды.
Мадина жасына байланысты мемлекеттік квота ала алмаған. Отау құрғандарына 27 жыл болыпты. Осыған дейін ақылы түрде жасатқан эмбрион тасымалы нәтижесіз аяқталған.Бастысы біз дәрігерлермен берілген жоқпыз!» — деп жазған ол.
фото: Instagram/sultankyzy