Райымбек Баталов үнсіздікті бұзды: Бишімбаевтың сотына қатысты бейнеүндеу жариялады
Кәсіпкер Райымбек Баталов бейнеөтініш жариялап, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотқа берген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Kznews.kz.
– Достар, мен соңына дейін Бишімбаевтың сот процесіне байланысты түсініктеме бергім келмеді. Бірақ менің атыма айтылған сұмдық өсең-аяң мені мәлімдеме жасауға итермелеп отыр. Айыпталушының аузынан менің атыма айтылған сөз ашық сандырақ екенін айтқым келеді. Бұл ойға сыймайтын өтірік. Сіздерді бұл өтірікке сенбеуге, БАҚ өкілдері мен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Осындай қайғыға тап болған Салтанаттың туыстары мен жақындары қызының абыройын қорғауға мәжбүр болғаны өте өкінішті. Бұл өте үрейді жағдай. Мен Нүкеновтар отбасына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын, – дейді кәсіпкер бейнеүндеуінде.
Бишімбаев сотта Баталов туралы не айтты
1 сәуірде Бишімбаев сотта Нүкенова материалдық қолдау табу үшін үйлі-баранды адамдармен жүргенін мәлімдеген.
– Сол күні кешке ол бәрін мойындады. Бұл үйлену тойынан кейін 3-4 күннен кейін болған әңгіме еді. Ол маған кабинетте өзім бірге суретке түскен адамды айтты. Өмірінде біраз уақыт сол адамның көңілдесі болғанын мойындады. Мен онымен таныспын. Әрине, бұл жағдай мені таңғалдырды. Ол өзінен 20 жас үлкен, төрт баласы бар, Қазақстанда әйгілі адам. Сенімді болу үшін мен оның атын атаймын. Есімі Райымбек, — деген еді сотта Бишімбаев.
Келесі күні Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Бишімбаевтың сөзін жоққа шығарған.
Ал кеше Бишімбаевтың телефон галереясында судья Салтанат Нүкенова қайтыс болған 9 қарашадағы бірнеше видеоны тапты. Бұрынғы министрдің мас күйінде қайтыс болған адамнан жауап алғаны естіледі. Бишімбаев Салтанаттан үнемі «сен Райымбек Баталовпен жаттың ба?»» деп сұрайды. Сөз арасында Салтанатты
қорлап «Райымбектің салдақысы» деп атайды.
Бишімбаевтың ісі
Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды. Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.
Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы «Гастро-орталық» директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша «қылмысты жасырды» деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.
12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.
4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.
Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.
Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.