«Боссың ба»: Бишімбаев Салтанат өлер алдында басқа әйелдермен хат жазысып отырған
Салтанат Нүкенованың жағдайына байланысты жедел жәрдем қызметін шақырудан бірнеше минут бұрын сотталушы Қуандық Бишімбаев WhatsApp-та әйелдермен қатар хат-хабар жазысып отырған, деп хабарлайды Kznews.kz.
Жедел жәрдем қызметіне 9 қараша сағат 19.55-те қоңырау шалынған.
Сағат 19.28-де абонент Гүлнар Насырбекова WhatsApp арқылы Бишімбаевқа:
«Айтпақшы, сенің үстіңнен раушан иісі бұрқырап тұр» деп жазады.
Еске сала кетейік, Бишімбаев түскі ас кезінде Гүлнар Насырбековамен бірге Bau мейрамханасындағы көршілес вип-кабиналардың бірінде кездескен. Бұл кезде Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан.
Сағат 19.07-де Бишімбаев «Юлия супер» деген абонентке:
«Қалың қалай?» деп жазады.
«Юлия супер» оған:
«Сәлем. Бәрі жақсы. Өз қалың қалай?» деп жауап береді.
Сағат 19.24-де Бишімбаев оған:
«Не істеп жатырсың? Боссың ба?» деп сұрайды.
Сағат 19.36-да Юлия оған:
«Тырнағымды жасаттым. Нешеде?» деп жауап береді.
Жәбірленуші жақтың адвокаты Жанна Оразбақова процеске қатысушылардың назарын сағат 19.17-де Бишімбаев Шымкенттен келген көріпкелге қоңырау шалып, Салтанаттың жай-күйіне алаңдағанын және сонымен бір уақытта «басқа әйелмен емін-еркін хат жазысқанына» аударды..
«Бұл менің Салтанаттың шын жайы не болғанын білмегенімді растайды», — дейді Бишімбаев.
Ол «Юлия супер» деген кім екенін, не себепті оның бос екенін сұрағанын айтпай қойды.