«Мақтаныш емес»: Ұланғасыр Қамиев млн теңгенің аяқ киімін киетінін айтты (видео)
Әнші Ұланғасыр Қамиев аяғына киген аяқ киімінің бағасын айтты. Әнші әлеуметтік желіге видео жариялап, оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
«Аяқ киімнің бағасы млн теңгеден асады. 1 млн 300 мың теңгедей. Бір нәрсе айтқым келеді. Эстрада жұлдыздары, актерлер «Сағатым осынша тұрады. Аяқ киімім осындай» деп айтып жатады ғой. Халық «Неге мақтанып жатыр?» деп дұрыс түсінбей қалады. Ол нәрсені теріс түсінбеу дұрыс емес. Сіздер де жетесіздер. Мен де осындай нәрсе киемін деп ойламадым. Мен де құмда ойнап, ауылда өстім.
Аллаға шүкір, жетеді екенсің. Бұл дүние — боқ дүние. Мақтаныш емес. «Халықтың алдында жүрсің ғой. Дұрыс жүрмей ме?» деп айтады ғой. Сол себепті сай киініп, дұрыс жүру деп ойлаймын. Сағаттың бағасы да сол шамада», — деді Ұланғасыр Қамиев Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода. Желі қолданушылары әншінің бұл видеосын қызу талқыға салды. «50-60 мың теңгенің аяқ киімін кисе не болады?», «Мақтаныш емес деп, мақтанып жатырсың», «Дұрыс», «Өмір сүргесін, жақсыға ұмтылу керек», «Қымбат киінгеннен не пайда, үстіңе жараспаса?!», «Ең бастысы, бұл дүниені жүрекке жақын алмау», — деп жазды желідегілер.