Бишімбаевтың сотына журналистерге қатысу рұқсат етілді

0

Астанада 22 сәуірде Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот жалғасын тапты. Сот процесінің басында судья Айжан Құлбаева БАҚ өкілдеріне сот залына кіруді қайтару туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Судья Айжан Құлбаеваның айтуынша, қазылар алқасының фотосы мен бейнесін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде КТК арнасының өкілдері таратқаны анықталды.

«Олар бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ескерту түрінде әкімшілік жазалар қолданылды. Осыған байланысты БАҚ өкілдерінің сот залына кіруі мүмкін екендігін айтамын», – деді судья.

Фото: Telegram/Jogargy_sot