Алматыда қар көшкіні болды
20 сәуірде Алматы тауларында өздігінен қар көшкіні жүріп өтті.
«Алматы Үлкен өзені алабында өздігінен қар көшкіні жүріп өтті. Түскен көшкіннің көлемі 900 текше метр болды. Құрбандар, қираулар мен зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұған дейін Алматының Медеу ауданында қар көшкіні жүріп өткен болатын. Бұл туралы «Қазселденқорғау» баспасөз қызметі хабарлады. 16 сәуірде диспетчерлер Альпі лагері аймағында көлемі 4000 текше метр қар көшкінін анықтады. Көшкен қар өзен арнасына келіп тоқтады.