Атырауда Жайықтан белгісіз біреудің мәйіті табылды
Атырауда Жайық өзенінің жағасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kznews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, мәйіт 14 сәуір күні сағат 18:10 шамасында Атырау ықшамауданынан табылған.
Қазіргі уақытта мәйіт 2023 жылы 13 маусымда суға кеткен 2008 жылы туған жасөспірімдікі болуы мүмкін деген күдік бар. Нақты ақпарат тағайындалған сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.