Ресейдің Орынбор қаласындағы су тасқыны ең қауіпті шегіне жетті
Орынбор облысында су тасқыны салдарынан 10 сәуір күні таңертең 12 817 тұрғын үй мен 14 969 үй учаскелері су астында қалды. 7703 адам эвакуацияланды. Орск ең көп зардап шеккен аймақтардың қатарында, онда 5 сәуірде Жайық өзенінде бөгет бұзылды. Қаланың ескі бөлігінде 6793 тұрғын үй су астында қалды.
«Орынбордағы су тасқыны өзінің ең қауіпті шегіне жетті. Ал Орсктегі су деңгейі бір төмендеп, бір жоғарылап тұр. Қолдан келгенін жасап жатырмыз», — деді Орынбор қаласының губернаторы Денис Паслер.
фото: gazeta.ru