Дүние жүзі елдерінің тұрақты даму индексі жарияланды
Дүние жүзіндегі елдердің тұрақты даму индексі жарияланды.
Биылғы санақ бойынша алғашқы үштікті Норвегия, Швейцария мен Исландия бастап тұр. Рейтингтің үздік ондығына Люксембург, Дания, Швеция, Сингапур, Финляндия, Аустрия, Нидерланды сынды елдер енген. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жыл сайын The Boston Consulting Group (BCG) компаниясы жүргізеді.
2018 жылғы тұрақты даму индексі (Sustainable Economic Development Assessment, SEDA) бойынша Румыния, Беларусь, Болгария 50-ші орынды иеленді. Ал Қазақстан 152 мемлекеттің ішінде 57-ші орынға тұрақтаған. Рейтингте Қазақстанмен қатарлас тұрған мемлекеттердің қатарында Аргентина (58-орын), Ресей (59-орын), Грузия (60-орын) бар.