Рим Папасы Франциск су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді

0

Рим Папасы Франциск су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді, деп хабарлайды Vatican News.

«Рим Папасы Франциск соңғы 70 жылдағы қардың ерте еруінен туындаған ең ауыр су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына жанашырлық білдірді», — делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Айта кетсек, су тасқыны салдарынан 90 мыңға жуықтұрғын эвакуациялауға мәжбүр болды.

фото: akorda.kz