“Бишімбаев тырдай жалаңаш видео түсіруін талап еткен” — Нүкенованың құрбысы

0

Марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина сот отырысында жауап берді. Сондай-ақ куәгер Аида Ахмедина оқиға болған күні олармен бірге концертке барған.

Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина сотта құрбысымен болған барлық әңгімесімен бөлісті. Оның сөзінше Нүкенова тіпті тырнағын жасатуға мүмкіндігі болмаған. Бір рет барғанда, процестің ұзақ болғаны үшін күйеуі ашуланған екен, деп хабарлайды Kznews.kz Caravan.kz медиапорталына сілтеме жасап.

Салтанат оның жұмысқа бармай, жанында 24/7 бірге болатынын айтты. Ол жұмысқа бармағандықтан бар уақытын, энергиясын Салтанатқа арнаған. Ол сөйлескісі келіп, түнімен ұйықтатпаған. Сәл ұрыс-керіс болса, өзі сыйлаған сыйлықтарын лақтырып жібереді. Жаңа жылдың алдында оған қымбат сағат сыйлады. Кішкене жанжалда оны терезеден лақтырып жіберді, содан кейін олар оны іздеп таба алмады,- деді сотта Салтанаттың құрбысы.

Нүкенова күйеуі ұрғаннан соң, бетінің көгерген суретін ағасына жіберген. Ал Бишімбаев жазадан қорыққан ба, әлде кектен бе, өзінің қорғаны ретінде Бишімбаев одан тырдай жалаңаштанып, видео түсіріп беруін талап етіпті. Ал, марқұм оның талабын орындапты.

фото: ашықдереккөз