Тимур Қарағойшин өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
Тимур Қарағойшин 9 сәуірде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2023 жылдың қазан айынан бастап атқарды,
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қарағойшин Тимур Жиенбайұлы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды», – деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Фото: primeminister.kz