«Ақ келін болып аттадың, ақ кебінмен оралма»: Желіде Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан күйеуінен қорлық көретін әйелдерге қолдау білдірді

0

Танымал айтыскер ақын, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдерге ән арнады. Бұл туралы Kznews.kz ақпара агенттігі хабарлайды.

Қос өнерпаз танымал әндердің мақамымен әйелдерге арнау айтты.

“Үйлерді құлатып жатқан тасқын суға тосқауыл қоямыз деп сыртта жүрсек те, шаңырақты құлатып жүрген еркектерге ой салсақ деп осы тақырыпқа да тоқталдық”, – деп жазды айтыскер ақын Бұлғақов.

Жақсыда жаттық болар ма,

Жаманға көңілің толар ма?!

Ақ келін болып аттандың,

Ақ кебінменен оралма!”, – деп жырлады өнер иелері.

Желі қолданушылары жаппай айтыскер ақынды қолдап, жүрекжарды тілектерін жаудырып жатыр.

“Салтанаттың жай-күйін айтып тұр”, “Көңілдегіні дөп бастың”, “Естейтін құлақ, жетер сана болсын!”, “Ақ кебінге оралып кетіп жатқандар қаншама?!”, “Жаным ауырып, көзіме жас алдым”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, әйелін ұрып өлтірді деген экс министрдің әрекеті қоғамды дүр сілкіндірген еді.

Сондай-ақ, экс шенеунік оқиғаның мән-жайын сот алдында баяндап жатыр.