Орск МӨЗ жұмысын тоқтатты
Орынбор облыс аумағында 10 мыңнан астам тұрғын үй және 18 мыңнан астам үй учаскелері су астында қалды. 6 мың адам эвакуацияланды, Орск МӨЗ жұмысын тоқтатты.
Бұл ретте Орынбор облысы билігінің мәліметінше, өңірде су тасқынының шыңы 10 сәуірде күтіледі, алдағы 10 күнде жауын-шашын мол болуы тиіс. Тұрақтандыру 20 сәуірден кейін келеді.
Сондай-ақ, жергілікті ауруханаларда стационарлық көмек көрсетудің уақытша тоқтатылғаны хабарланды. Сонымен қатар, орталықтандырылған сумен жабдықтау көзінен су ішкеннен кейін 18 адам норовирусты (жедел ішек инфекциясы) жұқтырды. Сілтеме: https://orenburzhie.ru/news/pavodok-v-orenburzhe-glavnoe-za-7-aprelya-2024-goda/).