“Көріпкел оның кешке дейін ұйықтап тұратынын айтты” — Бишімбаев

0

Адвокат Жанна Уразбахова Қуандық Бишімбаевтың 9 қарашада қоңырау шалған көріпкел туралы сұрады.

«Ол Шымкентте тұрады, мен оған бір жарым-екі жыл бойы бизнес мәселелері бойынша жүгіндім, менің ойымша, ол әрқашан дұрыс жауап беретін”, — деді.

Адвокат: “Оның медициналық білімі бар ма?”-деп сұрады. Бишімбаев бұған «белгісіз»деп жауап берді.

“Менде белгілі бір сенім болды (көріпкелге)… Менің түсінуімше, Салтанат ұйықтап жатты және оның өлі (күйінде) екенін көрсететін белгілер болған жоқ… Көгерген жерлер көбейе түсті,  оның қайдан шыққанын есімде жоқ…Ол мені қатты шатастырды, оның (Салтанаттың) мұрны ісініп кетті. Соңы не боларын білгім кеп, көріпкерлге хабарластым. Ол (көріпкел) Салтанаттың кешке дейін ұйықтайтынын, шаршағанын, ішкенін айтты», — деп жауап берді Бишімбаев.

фото: Жанар Каримова