“Неге қонақүйге емес?” — әнші Нұрболат Абдуллин жаңа мәселе көтерді

0

Әнші Нұрболат Абдуллин су тасқынынан зардап шеккен адамдарды неліктен қонақ үйге орналастырмайтынын айтып, мәселе көтерді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі инстаграмм парақшасында жазды.

«Үйі су астында қалған ағайындар жаппай мектептерге орналастырылған. Неге қонақүйге емес? Апартаментке немесе демалыс орталықтарына орналастыруға болады ғой. Үйі салынып біткенше не істейді, соны ойлаймын. Омыраудағы бала, ата-әжелерге сондай қиын. Табиғи апат қаупі бар болсын, жоқ болсын әр қала, ауданға эвакуация пункттері салынуы міндетті деп ойлаймын», — деп жазды әнші.