Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Түркия Қазақстанға кез келген қажетті көмекті ұсынуға дайын, — деп хабарлайды Түркия Сыртқы істер министрлігі.
«Біз Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі жойқын су тасқынына қатты қайғырып отырмыз, бұл біздің он мыңдаған бауырларымызды эвакуациялауға мәжбүр етті және елеулі залал келтірді. Қазақстан халқына және Үкіметіне көңіл айтамыз», — дер хабарламада айтылған.
фото: ашық ақпарат көзінен