Орск аймағындағы бөгет бұзылып, адамдар зардап шекті

0

5 сәуірде Ескі қала шағын ауданында орналасқан бөгет өзендердегі судың шектен тыс көтерілуіне байланысты бұзылды. Ол мұндай жүктемеге арналмаған, деп хабарлады губернатор. Су басу аймағынан 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Ол бар-жоғы 5.5 метрлік су деңгейіне есептелінген. Алайда бұл жолы су 9,6 метр биіктікке дейін көтерілген.

Орскідегі бөгет 5 сәуірде кешке бұзылды. 6 сәуірде таңертең Орск билігі зардап шеккен аудандардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауды жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, Орскідегі су басу аймағынан шамамен 2 мың адам эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 320 адам, оның ішінде 85 бала бар.