«50 млн теңге штраф төлесін»: Мақпал Жүнісова атына күйе жаққандарды жазалайтынын айтты (фото)
Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оларға жаза қолданатынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Әнші Мақпал Жүнісова өзінің атына күйе жағып, желіде жалған ақпарат таратқандарға шүйлікті.
«Осындай неше түрлі тақырып жазып, менің намысымды таптап жүрген бетсіздерге жақын арада арыз жазамын. 50 млн теңгеге дейін штраф төлетіп, сол ақшаны қиналған жандарға береді. Осылай жазып, Youtube-ке салған адамның жазасын Алла берсін», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әнші жариялаған суреттен «Мақпал тағы да масқара болды» деген жазуды көруге болады. Ал желі қолданушылары Жүнісоваға істі соңына дейін жеткізуге кеңес берді. «Арыз жазыңыз», «Сізге күйе жағуға ешкімнің құқығы жоқ», «Қасиетті Рамазан айында қалай қорықпайды екен», «Ел не демейді? Алдымен сіз сияқты болып алсын», «Сізді жақсы көреміз», «Үндемей қалмаңыз», – деп жазды желідегілер.