“Халыққа қызық болатын шығар” — Төреғали тосын жаңалығымен бөлісті

0

Танымал әнші Төреғали Төреәлі REVUE NEWS бағдарламасына берген сұхбатында өзінің өмірі жайлы фильм түсіргелі жатқанын айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, әнші болғанымен, негізгі бітірген мамандығы актерлік екен.

«Бұл саладан кете алмаймын. Негізгі мамандығым — актер. Алла қаласа, жақында фильм жоспарлап жатырмыз. Комедия болатын шығар енді. Біздің қазақта комедиясыз болмайды ғой. Өзім ойнаймын, әзірге белгісіз. Өз басымнан өткен оқиғалар халыққа қызық болатын шығар», – деді Төреғали Төреәлі.

фото: kaz.zakon.kz