Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға қанша қаражат бөлінеді?
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде су тасқынынан қираған әрбір үй 22 миллион теңгеге салынатынын айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Осыдан кейін біз жиналған ақпаратты қарастырамыз. Алдымен қаражатты жергілікті бюджеттің есебінен бөлінеді, одан кейін республикалық бюджет қаражатын қарастырамыз», — деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.
Сондай-ақ министр су тасқынынан қираған үйлер 22 миллион теңгеге салынатынын атап өтті.
«(Су тасқынынан қираған) үйлерге тоқталайын. Бір үйдің бағасы 22 миллион теңге болады… Оның бір шаршы метрі – 280 мың теңге. Алайда бүгінде (су тасқынынан қираған) нақты үйлердің саны белгісіз. Жергілікті атқарушы билік бүкіл ақпаратты жинасын. Одан кейін тиісті қаражат бөлінеді. Қазір бір үйдің бағасы 22 миллион теңге болуы мүмкін», — деді министр.