Банктер су тасқынынан зардап шеккендерге кредитін төлеуге көмектеседі

0

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы қаржы сарапшыларына сілтеме жасай отырып.

«Екінші деңгейлі банктер су тасқыны салдарын жоюға және төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға, сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған шұғыл шараларды қолдайды», — делінген хабарламада.

Сонымен отандық банктер мынадай қолдау көрсетуге дайын:

1-сәуірден (2024) бастап 30 маусымға дейін  жергілікті атқарушы органдардың тізімі бойынша су тасқынынан зардап шеккендер қатарына енген қарыз алушылардың кредитті өтеу мерзімін ұзарту.

1-сәуірден (2024) бастап 30 маусымға дейін су тасқыны салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға төлемді уақтылы төлемегені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.

Су тасқыны салдарынан шаруашылық қызметiне нұқсан келген жеке кәсiпкерлер мен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредит мiндеттемелерiн орындауды кейiнге қалдыру.

фото: Фото: Валерия Змейкова