Бозымбаев келген соң Скляр немен айналысады? — министр жауап берді

0

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 2 сәуірде Қанат Бозымбаев тағайындалғаннан кейін оның бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте не істейтінін айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, Роман Скляр құрылыс, энергетика, көлік инфрақұрылымы және логистика, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне назар аударады.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына жаңадан тағайындалған Қанат Бозымбаев өңірлік саясатқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және су ресурстары саласына, сондай-ақ ТЖ алдын алу және жою мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

фото: zakon.kz