Салтанаттың өлген-өлмегенін білмедім: Бишімбаевтың туысы судьяның сұрақтарына жауап берді
Салтанат Нүкенованың өлімі туралы хабарламады және оны жасырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов оның бұл қылмысты жасағанын білмеймін деп отыр. Бұл туралы Kznews.kz хабарлайды.
Құрметті сот, мен шынымен де видеоны өшіруді өтінгенімді мойындаймын, сонымен қатар Салтанаттың телефонын үйіне апаруды өтіндім, қылмыс жасағанымды білмеймін. Тек ол кезде мен Салтанаттың өліп жатқанын немесе қайтыс болғанын білмедім, түсінбедім, — деді Байжанов судьяның өз кінәсін мойындай ма деген сұрағына жауап беріп.
Ол тағылған айыпты мойындай ма, жоқ па деген сұраққа:
Қылмыс жасадым ба, білмеймін, – деп жауап берді ол.
Еске сала кетейік, Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды (Қылмыстық кодекстің 432-бабы) және ауыр қылмыс туралы хабарламады (ҚК 434-бабы).